Рафтинг дегеніміз - экстремалды спорт түрі, ол тау өзендерінде орындалатын спорттық рафтингті білдіреді. Рафтинг экстремалды және белсенді өмір салтын ұнататындар арасында кеңінен танымал.
Елімізде бұл спорт түрінің жанкүйерлері көп. Рафтинг федерациясы 2005 жылы құрылып, спортшыларымыз ең беделді халықаралық жарыстарға қатысуда. Спортшылардан бөлек экстремалды демалысты ұнататындар да рафтинг жанкүйерлеріне айналды. Оларды Іле, Шелек және Түрген өзендерінің ең танымал жерлерінде жиі кездестіруге болады.