BAIGROUPKZ

Іскерлік ағылшын тілін оқыту қызметін ұсынады:

Bai Group KZ ұсынатын Іскерлік ағылшын тілін кәсіби оқыту қызметі кәсібіңіздің ауқымын кеңейтуге, дәлірек айтқанда, шетелдік әріптестермен, клиенттермен және серіктестермен делдалсыз тікелей сөйлесуге көмектеседі. Business English интенсивті курсы ағылшын тілін тез меңгеріп, коммуникативті дағдыларын дамытқысы келетін адамдар үшін өте қолайлы.
Ағылшын тілін білу – іскерлік ортада бірін-бірі түсініп, әрі қарай табысты жұмыс істеу үшін маңызды.

Іскерлік ағылшын тілін білу қажет мамандықтар:

Біз ұсынып отырған Іскерлік ағылшын тілі курсы ағылшын тілін тез меңгеріп, білікті оқытушыларымызбен өздерінің коммуникативті дағдыларын дамытуды көздейтін кез келген адамға қолайлы.
Business English – ағылшын тілінің мамандандырылған жеке бөлігі және оны білген:
  • директорлар, әртүрлі бөлімдердің басшылары;
  • менеджерлер, хатшы-ассистенттер;
  • қызмет түріне қарай шетелдік серіктестерімен ағылшын тілінде сөйлесуге міндетті басшылардың көмекшілері үшін өте пайдалы.
Ағылшын тілін іскерлік ауызекі сөйлесу бағытында үйрету іскерлік қарым-қатынас дағдыларын барынша жақсартуға негізделген.
Мәселен, халықаралық ұйым кеңсесі барлық жерде бар, оның ішінде қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлерді жалдайтын немесе жақсы жұмысшылары үшін қоныс аударуды, басқа жерге ауыстыруды ұйымдастыратын таза шетелдік компаниялар да аз емес. Осы компаниялардың кез келгеніне барып жұмысқа тұру үшін алдымен іскерлік ағылшын тілін еркін білген дұрыс.



Біздің іскерлік ағылшын тілі курсында үйренетініңіз:

• түйіндеме жасау;
• телефонмен сөйлесу;
• алғашқы әңгімелесуден өту;
• презентациялар мен келіссөздер жүргізу;
• конференцияларда өз ойын еркін жеткізе білу;
• іскерлік хат алмасу мен құжаттаманы жүргізу (келісімшарттар, есептер, төлемдер).
• орыс тіліне аударылмаған арнайы әдебиеттерді оқу;
• қызметте көтерілу және мансаптық өсу;
• ой-өрісіңізді кеңейту;
• тілдік кедергісіз шетелге іссапарларға бару;
• шетелдік әріптестермен ортақ жобаларды талқылау.

Ең бастысы, сіз өз көзқарасыңызды дұрыс іскерлік формада қалай қорғау керектігін үйренесіз.



Неліктен адамдар бізді таңдайды:

Біз толық жауапкершілікпен сізге ағылшын тілін тез және сапалы, ұмытылмастай үйренудің бірегей мүмкіндігін пайдалануды ұсынамыз! Бізде теория мен практика әрбір адам үшін жеке бейімделіп жүргізіледі, әрбір тақырып практикалық тапсырмалармен бекітіледі. Мұндай тәсіл курсты аяқтағаннан кейін студенттеріміздің  өз қызмет саласында табысты жұмыс істеуіне зор мүмкіндік береді.

Біздің курстардың артықшылығы:

  • Жеке бейімделген оқыту тәсілі
    Мұғалім ақпаратты қабылдау деңгейіне қарай әр оқушыға жеке бейімделеді, тақырыпты бекітуге көбірек уақыт қажет болса қосымша ақысыз оны қосымша оқытады.

  • Оқыту тәсілінің ерекшелігі
    Практикалық тапсырмаларды көптеп беру және теорияны тереңдетіп оқу студенттерімізге курсты аяқтағаннан кейін өздерінің тілдік дағдыларын жұмыста сәтті пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Сабақтарды өткізу уақытының қолайлылығы
    Топтар жиі құралып тұрады. Жеке кестеңізді, өзіңізге қолайлы уақытты алдын ала келісіп аласыз.

  • Мұғалімдер деңгейі
    Сабақтарды іскерлік ағылшын тілін үйренуде үлкен тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалімдер жүргізеді. Оқыту процесінде негізгі білімнен басқа көптеген қолданбалы ақпараттар беріледі.
  • Тост шеберлері
    Көшбасшылық қабілеттерге және көпшілік алдында сөйлеуге үйрететін ортада өткізіледі, бұл өзіне деген сенімділікті арттырып, тұлғалық қасиеттерді оятады, өйткені біз сөйлеу дағдыларын, яғни speaking skills дамытуға ерекше көңіл бөлеміз.

Іскерлік ағылшын тілі курстарына жазылу:

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз
Нажимая на кнопку, вы даете согласие на обработку персональных данных и соглашаетесь c политикой конфиденциальности.

Сізді де қызықтыруы мүмкін

Контакты
+7 (702) 351-17-79
+7 (7273) 17-75-57
info@baigroupkz.com
РК, г. Алматы, ул. Гоголя 20, угол Абдуллиных, этаж 2 офис 88