ІСКЕРИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Сіз күнделікті тұрмыстық қатынаста туған-туыстарыңызбен, достарыңызбен қалай емін-еркін сөйлесетін болсаңыз, енді іскери қарым-қатынаста да әріптестеріңізбен, серіктестеріңізбен солай еркін тілдесетін боласыз. Сіздің сауатты әрі шебер сөйлеуіңізге мүмкіндік туады.
BAIGROUP.KZ «ІСКЕРИ ҚАЗАҚ ТІЛІ» КУРСЫН ҰСЫНАДЫ!
BAIGROUP.KZ  ұсынып отырған  «Іскери қазақ тілі» курсы қазақ тілінде сауатты сөйлеуді, жазуды үйренуді мақсат тұтқандардың, мемлекеттік тілді меңгеру мансаптық өсуде, мәдени тұрғыда дамуда, қарым-қатынас жасауда орасан зор табысқа алып баратынын түсінгендердің баршасына арналады. Мемлекеттік тілді меңгеру, оның сауатты қолданысына қол жеткізу – сіздің Отанға деген құрметіңіздің көрінісі. Курс бағдарламасы тіл үйренушінің тілді меңгеру деңгейіне сай тілдік минимумды игеруін бағдар етеді, сондай-ақ өзекті тақырыптар арқылы қолдану жиілігі ескерілген тілдік бірліктерді меңгертуді, коммуникацияға түсу барысында сауатты сөйлей әрі жаза білу дағдысын дамытуды көздей отырып әзірленген.

ІСКЕРИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫП-ҮЙРЕНУ КІМДЕР ҮШІН ӨЗЕКТІ?

«Іскери қазақ тілі» курсының мақсаты – тіл үйренушінің іскери қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыру, жетілдіруіне негізделген тілдік құрылымдарды игерту. Сондықтан курстың мақсатты аудиториясы:
  • Барлық саладағы бизнес өкілдері
  • Түрлі салада басқарушылық қызметті атқаратындар: компания басшылары, бөлім бастықтары
  • Түрлі саладағы атқарушылық қызметтегілер: менеджерлер, мамандар, хатшы – референттер

СІЗ «ІСКЕРИ ҚАЗАҚ ТІЛІ» КУРСЫНДА НЕНІ ОҚЫП-БІЛЕСІЗ?

  • Тілді меңгеру деңгейіңізге сай ауызша және жазбаша коммуникацияға түсу дағдыларын қалыптастыруды және жетілдіруді. Атап айтқанда:
  • Іскери қатынаста өз ойыңызды ауызша еркін әрі сауатты жеткізе білуді
  • Тұрмыстық қатынаста өз ойыңызды ауызша еркін әрі сауатты жеткізе білуді
  • Іскери қатынаста өз ойыңызды жазбаша еркін әрі сауатты жеткізе білуді 
  • Іскери кездесулер мен келіссөздерді қазақ тілінде жоғары деңгейде өткізуді, өз пікіріңіз бен көзқарасыңызды дәлелді түрде дәйектей алуды
  • Көпшіліктің алдында еркін әрі сауатты сөйлей білуді
  • Іскери хат алмасу мен құжаттама жүргізу дағдыларын қалыптастыруды, жетілдіруді (есеп беру, төлем жүргізу, шарт жасасу т.б.) 
  • Орыс тіліне аударылмаған мамандандырылған әдебиеттерді қазақ тілінде оқуды үйренесіз.
  • Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мақсатында озық ұлттық салт-дәстүрді танып-білесіз.
  • Мансаптық өсу жолына түсесіз.

Маңыздысы, қазақ тілінде сауатты ауызша және жазбаша іскери қарым-қатынас жасай алудың нәтижесінде іскери әлемдегі беделіңіз артады.

НЕЛІКТЕН КӨПШІЛІК БІЗДІ ТАҢДАЙДЫ?
Көпшіліктің таңдауы бізге түседі. Иә, дәл солай!

Өйткені біз ұсынып отырған оқу курсының мақсаты – айқын, бағыты – анық. Курс материалдары түсінікті, қысқа әрі қызықты! Бастысы, сіз көздеген мақсатыңызға жете аласыз, яғни, ТИІМДІ. Оқу сабақтарын түрлендіріп өткізу арқылы (онлайн, оффлайн форматта) біз сізді қазақ тілінің керемет әлеміне жетелейміз. Коммуникативтік әдіске негізделген оқу сабақтарында сөз тізгіні 85% сіздің қолыңызға беріледі, СІЗ СӨЙЛЕЙСІЗ! Қызықты әрі тартымды етіп ұсынылған оқу материалдары арқылы сіз еліміздің тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен жүздесесіз, салт-дәстүрін танып-білесіз. Бұл сізді қазақ тілін оқуға, меңгеруге ынталандыратынына сенімдіміз.

Іске сәт! Біз сізді күтеміз, құшақ жая қарсы аламыз!!!

«ІСКЕРИ ҚАЗАҚ ТІЛІ» КУРСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?

  • Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сөздік қорыңызды байытасыз

  • Сөздік қорыңыздағы тілдік бірліктерді актив қолданысқа енгізуді үйренесіз
  • Жазбаша қарым-қатынас жағдайында сауатты жаза білу дағдыңызды қалыптастырасыз
  • Ауызша және жазбаша сөйлеу тіліңізді дамытуға қызмет ететін ақпараттық ресурстарды танып-білесіз
  • Тыңдау арқылы түсіну, оқу арқылы түсіну дағдыларыңызды дамытасыз
  • Тілдесім, айтылым дағдыларыңызды жетілдіресіз
  • Сөйлеу мәдениетінің этикалық нормаларын сақтай отырып, шебер сөйлеуді үйренесіз
  • Тілді меңгертудің заманауи әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде өзіңіздің тілді меңгеру деңгейіңізді көтересіз

«ІСКЕРИ ҚАЗАҚ ТІЛІ» КУРСЫНА ЖАЗЫЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ, ТЕЛЕФОН НӨМІРІҢІЗДІ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ. БІЗ СІЗГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ХАБАРЛАСАМЫЗ.

Нажимая на кнопку, вы даете согласие на обработку персональных данных и соглашаетесь c политикой конфиденциальности.
Контакты
+7 (702) 351-17-79
+7 (7273) 17-75-57
info@baigroupkz.com
РК, г. Алматы, ул. Гоголя 20, угол Абдуллиных, этаж 2 офис 88
РК, г. Астана, ул. Сыганак 47, БЦ "Евроцентр", 10 этаж, офис 1003/3