BAIGROUPKZ

Іскерлік қытай тілін оқыту қызметін ұсынады:

Bai Group KZ ұсынатын Іскерлік қытай тілін кәсіби оқыту қызметі кәсібіңіздің ауқымын кеңейтуге, дәлірек айтқанда, шетелдік әріптестермен, клиенттермен және серіктестермен делдалсыз тікелей сөйлесуге көмектеседі. Іскерлік қытай тілі интенсивті курсы қытай тілін тез меңгеріп, коммуникативті дағдыларын дамытқысы келетін адамдар үшін өте қолайлы.
Қытай тілін меңгергеннен кейін Сіз бұрынғыдан сенімдірек сөйлейтін боласыз,  Қытайда жаңа пайдалы серіктестермен танысасыз, бұл сіздің іскерлік және достық байланыстарыңызды нығайта түседі.
Қытай тілін білу – іскерлік ортада бірін-бірі түсініп, әрі қарай табысты жұмыс істеу үшін маңызды.

Іскерлік қытай тілін білу қажет мамандықтар:

Бұл курс кәсіби қызметінде тілді меңгеру деңгейін дамыту қажет адамдар үшін іскерлік қытай тілін үйретуге бағытталған. Курс қытай тілінің негізгі және қосымша бөлімдерін оқуға, оны жұмыста одан әрі пайдалануға негізделген. Бұл бағдарлама қытайлық өндірушілермен, зауыттармен және фабрикалармен жұмыс істейтіндер немесе бизнес үшін саяхаттауды, белгілі бір елде жұмыс табуды жоспарлағандар үшін өте қолайлы. Оны білген:

  • директорлар, әртүрлі бөлімдердің басшылары;
  • менеджерлер, хатшы-ассистенттер;
  • қызмет түріне қарай шетелдік серіктестерімен қытай тілінде сөйлесуге міндетті басшылардың көмекшілері үшін өте пайдалы.
Қытай тілін іскерлік ауызекі сөйлесу бағытында үйрету іскерлік қарым-қатынас дағдыларын барынша жақсартуға негізделген.
Мәселен, халықаралық ұйым кеңсесі барлық жерде бар, оның ішінде қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлерді жалдайтын немесе жақсы жұмысшылары үшін қоныс аударуды, басқа жерге ауыстыруды ұйымдастыратын таза шетелдік компаниялар да аз емес. Осы компаниялардың кез келгеніне барып жұмысқа тұру үшін алдымен іскерлік қытай тілін еркін білген дұрыс.

Біздің іскерлік қытай тілі курсында үйренетініңіз:

  • түйіндеме жасау;
  • телефонмен сөйлесу;
  • алғашқы әңгімелесуден өту;
  • презентациялар мен келіссөздер жүргізу;
  • конференцияларда өз ойын еркін жеткізе білу;
  • іскерлік хат алмасу мен құжаттаманы жүргізу (келісімшарттар, есептер, төлемдер).
  • орыс тіліне аударылмаған арнайы әдебиеттерді оқу;
  • мансаптық өсу;
  • ой-өрісіңізді кеңейту;
  • тілдік кедергісіз шетелге іссапарларға бару;
  • шетелдік әріптестермен ортақ жобаларды талқылау;
  • құрылымдық ойлау дағдысы.

Ең бастысы, сіз өз көзқарасыңызды дұрыс іскерлік формада қалай қорғау керектігін үйренесіз.



Неліктен адамдар бізді таңдайды:

Гульмира Оражхан, HSK деңгейі-6 Бірінші санаттағы оқытушы Қытай тілін шет тілі ретінде оқыту магистрі Еңбек өтілі- 12 жыл
Гульмира Оражхан, HSK деңгейі-6 Бірінші санаттағы оқытушы Қытай тілін шет тілі ретінде оқыту магистрі Еңбек өтілі- 12 жыл
Біз толық жауапкершілікпен сізге қытай тілін тез және сапалы, ұмытылмастай үйренудің бірегей мүмкіндігін пайдалануды ұсынамыз! Бізде теория мен практика әрбір адам үшін жеке бейімделіп жүргізіледі, әрбір тақырып практикалық тапсырмалармен бекітіледі. Мұндай тәсіл курсты аяқтағаннан кейін студенттеріміздің  өз қызмет саласында табысты жұмыс істеуіне зор мүмкіндік береді.

Біздің курстардың артықшылығы:

  • Жеке бейімделген оқыту тәсілі
    Мұғалім ақпаратты қабылдау деңгейіне қарай әр оқушыға жеке бейімделеді, тақырыпты бекітуге көбірек уақыт қажет болса қосымша ақысыз оны қосымша оқытады.

  • Оқыту тәсілінің ерекшелігі
    Практикалық тапсырмаларды көптеп беру және теорияны тереңдетіп оқу студенттерімізге курсты аяқтағаннан кейін өздерінің тілдік дағдыларын жұмыста сәтті пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Сабақтарды өткізу уақытының қолайлылығы
    Топтар жиі құралып тұрады. Жеке кестеңізді, өзіңізге қолайлы уақытты алдын ала келісіп аласыз.

  • Мұғалімдер деңгейі
    Сабақтарды іскерлік қытай тілін үйренуде үлкен тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалімдер жүргізеді. Оқыту процесінде негізгі білімнен басқа көптеген қолданбалы ақпараттар беріледі.

Іскерлік қытай тілі курстарына жазылыңыз:

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз
Нажимая на кнопку, вы даете согласие на обработку персональных данных и соглашаетесь c политикой конфиденциальности.

Сізді де қызықтыруы мүмкін

Контакты
+7 (702) 351-17-79
+7 (7273) 17-75-57
info@baigroupkz.com
РК, г. Алматы, ул. Гоголя 20, угол Абдуллиных, этаж 2 офис 88
РК, г. Астана, ул. Сыганак 47, БЦ "Евроцентр", 10 этаж, офис 1003/3