Baigroupkz

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Төменде біз өзіміз туралы мейлінше толық ақпарат беруге тырыстық, алайда бізге келіп, дәмді кофе ішіп, жүзбе-жүз әңгімелескеніміз жөн болар.
Бүгінгі күні біздің команда әртүрлі бағытта, оның ішінде шетелдік туризм бағытында жұмыс істейтін және көптеген жекелеген туризм қызметтерін көрсететін 11 маманнан тұрады. Біздің командада штаттағы қызметкерлерден басқа білікті экскурсия жүргізушілері мен гид-аудармашылар, басқа да талантты адамдар жетерлік.

Сүйікті клиенттеріміз үшін жаңа бағыттар ашып, дамытуға, туризмнің шекарасын кеңейтуге деген талпынысымыз мен құштарлығымыздың арқасында Қазақ туризмі мен Қазақстан туристік қауымдастығының қолдауына ие болдық. Мұның арқасында біз KITF, ITB Berlin сияқты республикалық және халықаралық көрмелерге, Sustainability Travel Life сияқты тренингтер мен семинарларға, туроператорлар мен турагенттердің құзыреті мен біліктілігін арттыру тренингтеріне, сондай-ақ әртүрлі NOMAD EXPLORER экспедицияларына белсенді түрде қатысып келеміз.

Біз - BAI GROUP KZ Қазақстан туристік қауымдастығының және Қазақстандық кемпингтік туризм және караванинг қауымдастығы клубының мүшесіміз.

Біздің міндетіміз

Адамдар өмірін қызықты саяхаттармен түрлендіре отырып, олардың жеке қасиеттерін дамыту.
Біздің басты міндетіміз - жаңа бағыттар ашу, қолжетімді саяхаттар ұсыну, ерекше әсерлер сыйлау арқылы адамның ой-өрісін кеңейту, жеке қабілеттерін дамыту. Ата-бабалар тарихына шолу жасап, еліміздің белгілі жерлерін кеңінен таныстыру, қазіргі ұрпақ үшін жаңа білім салаларын ашу.

Адамдардың жаңа сезім мен тың дүниеден алған қуанышын бақылай отырып, оларға ерекше әсер сыйлау біз - "BaiGroupKz" үшін нағыз бақыт.

КӨПШІЛІК НЕГЕ БІЗДІ ТАҢДАЙДЫ?

  • Өйткені біз лицензиясы бар туроператормыз
    Біз авторлық турлар жасаймыз, сондықтан көпшілікке қолжетімдіміз Тамаша қызмет көрсету арқылы төмен бағада саяхаттар ұсынамыз
  • Аптасына жеті күн/тәулік бойы қолдау көрсетеміз
    Әрқашан байланыстамыз, аптасына жеті күн/тәулік бойы көмектесуге әзірміз.
  • Тегін сақтандырамыз
    Шетелге шығатын әрбір туристке сақтандыру полисін сыйға береміз. Қызықтырарлықтай ма?
  • Қытайда өз өкілдеріміз бар
    Қытай базарын бірге аралау клиенттеріміздің шаруасын тезірек әрі арзан шешуге көмектеседі.
  • Сенімді серіктеспіз
    Туризм нарығының негізгі ойыншыларымен сәтті жұмыс істеудеміз, бұл біздің біліктілігіміз бен сенімділігіміздің көрсеткіші.
  • Жоғары біліктіміз
    Қызметкерлеріміз үнемі білімін ұштап, дамытып отырады, сондықтан командамыздың біліктілік деңгейі жоғары
Сосын біз өте жылдамбыз ; )
- Ішкі туризм және демалыс күнгі турлар бойынша тапсырысты өңдеу мерзімі: 1-3 күн
- Қазақстанға туристік пакеттер бойынша шетелдік туристердің тапсырысын өңдеу мерзімі: 2-7 күн
* мамандарымыз тапсырысты мерзімінде орындап үлгере алмаса, кез келген қызметке 5% жеңілдік береміз!
Шетелдік туристер үшін:
    • Визалық қолдау
    • Көлік және гид-аудармашы қызметтерін
    • Жеке және топтық турпакеттер
    • Ұлы Жібек жолы бойынша аралас турлар ұсынамыз: Қазақстан / Қырғызстан / Өзбекста
    Қазақстан тұрғындары мен қонақтары үшін:
      • Алматы облысы бойынша демалыс күнгі турлар
      • Қырғызстан мен Өзбекстанға демалыс күнгі турлар
      • Қазақстан бойынша отбасылық, тау демалысын, белсенді демалыс
      • Емдік бұлақ көздеріне, шипажайлар мен курорттарға сауықтыру жолдамаларын
      • Каникулдық балалар туризмін
      • Танымдық мектеп турпакеттерін
      • БАӘ, Египет, Түркия сияқты жылы жақтарға суыт турлар
      • АҚШ, Шенген, Қытай визаларын ресімдеу қызметтерін
      • Барлық бағыттар бойынша авиа/тж билеттерін
      • Қытайдан станок, жабдық және өндірістік құрал жеткізушілер іздеу қызметін ұсынамыз (артықшылығымыз: ұзақ жылдар бойы Қытай жабдық өндіру зауыттарында жұмыс істедік, Үрімші қаласындағы ҚХР ШҰАА, Zhong Уuan Bo Уuan LTD импорт-экспорт компаниясының агентіміз)
      Корпоративтік клиенттер үшін:
        • Қазақстан бойынша топтық турлар
        • Аударма қызметтері
        • Көлік қызметтері
        • Қытайға жұмыс турларын ұйымдастыруды
        • Қытайдан зауыттар мен өндірушілер іздеуге көмек көрсетуді
        • Арнайы тарифтер бойынша корпоративтік ұшу және сапарлар ұйымдастыруды
        • Жұмыс визаларын ресімдеуді
        • Корпоративтік іс-шаралар ұйымдастыруды
        • Чартерлік рейстер ұсынамыз.
        Біздің команда
        • Меруерт Байдешова
          BaiGroupKz директоры
          Тел.: +7 702 351 1779
          E-mail: meruyert@baigroupkz.com
        • Дукенбаев Шокан
          Қаржы директоры
        • Алгазиева Айгуль
          Жетекші авиаагент, корпоративтік қызмет көрсету жөніндегі маман
        • Мукамет Дана
          Астана қаласындағы филиал директоры
        • Алчинов Алмас
          Виза агенті
        • Акжол Адал
          Виза агенті
        • Динар Бакытбек
          Виза агенті
        • Камит Аршын
          Кеңсе менеджері
        • Кабылкажы Гибадат
          Гид аудармашы

        Бізбен бірге мансап

        Серіктестердің біз туралы пікірі

        Сертификаттар мен лицензиялар

        СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
        Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
        + Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
        Мекенжайымыз

        +77273101438
        info@baigroupkz.com
        Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы