BAIGROUPKZ ҰЛЫБРИТАНИЯДА БІЛІМ АЛУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰСЫНАДЫ

Ұлыбританияда білім алу

  • »

Шетелде білім алу

Ресми атауы: Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
Астанасы: Лондон
Валютасы: Фунт стерлинг (GBP)
Ең үлкен қаласы: Лондон, Бирмингем, Белфаст
Халқы: 66,3 млн адам
Ұлыбритания - әлемдік білім берудің астанасы. Біріккен Корольдік әлемдік оқу үрдістерінің флагманы және халықаралық студенттер саны бойынша көшбасшы болып саналады. "Тұманды Альбион" - бұл түлектердің сапалы білім алуы мен жарқын болашағының кепілі.

НЕЛІКТЕН ҰЛЫБРИТАНИЯНЫ ТАҢДАЙДЫ?

  • 1
    Сапалы және қатаң оқыту
  • 2
    Жұмысқа орналасу перспективалары
  • 3
    Дипломдары дүниежүзінде танылған
  • 4
    Студенттердің таңдалған саладағы жаңа технологияларға қол жеткізуі
  • 5
    Ұлыбританияда оқу бітіргеннен кейін 2 жыл жұмыс іздеуге берілген рұқсат (2020-2021 оқу жылынан бастап)

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Ұлыбританияда оқу қымбат, өйткені онда білім алу бүкіл әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Білім алу жүйесі жаттап алуға емес, логикалық ойлау қабілетін дамытуға негізделген. Барлық деңгейдегі студенттер қорытынды жасау және оларды тұжырымдай білу үшін зерттеулер жүргізеді - бұл кез келген студенттің жетістігінің кепілі. Оқу орнын бітіргеннен кейін студенттер өз мамандықтарын 100% түсінеді және еңбек нарығында әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алады.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

  • ОРТА БІЛІМ
    Ұлыбританиядағы орта білім мектепте 12 жыл оқуды қамтиды. Оқудың соңғы 2 жылы ең маңызды. Жоғары сынып бағдарламасы A-Level деп аталады және 6-8 пәнді (міндетті және таңдау бойынша) оқуды қамтиды. Осы пәндер бойынша қорытынды бағалар университетке бакалавриатқа түсуге негіз болып табылады.

    Сондай-ақ, A - Level баламасы ретінде IB (International Baccalaureate) алуға болады. Бұл әлемдік деңгейдегі аттестаттың бір түрі. Жоғары оқу орнына тікелей түсу үшін кез келген елде қабылданады. Бұл дипломды алу үшін 2 жыл оқу керек. IB ең күрделі бағдарлама болып саналады, бірақ оған тек 6 пән ғана кіреді.

    Егер студент өз елінде 11 сыныпты оқуды бітірген болса, ол британдық студенттермен бірге бірден университеттің бірінші курсына түсе алмайды. Оған өз білімін толықтыру қажет болады. Бұл жағдайда студент Foundation (оқуға түсуге жылдық дайындық), International Year One (бірінші халықаралық жыл: foundation мен бірінші курстың үйлесімі) бағдарламасынан өтеді немесе жоғары сыныптарға барып, A-Level немесе IB аяқтайды.
  • ЖОҒАРЫ БІЛІМ
    Ұлыбританияда Бакалавриат немесе Магистратура алу бүкіл әлем бойынша жоғары беделге ие элиталық білім болып табылады. Жүйе теориялық, практикалық сабақтарға негізделген. Бұл жердегі маңызды шарт - бұл студенттердің өзіндік жұмысы, ол тапсырмаларды құруда және оқыту құрылымының өзінде үлкен орын алады.
  • БАКАЛАВРИАТ - ұзақтығы 3 жыл
    Студенттер әлемнің көптеген елдеріне қарағанда бұл жерде білім дәрежесін тезірек алады, өйткені бағдарлама нақты құрылған және жалпы пәндерді емес, осы мамандыққа қажет пәндерді ғана қамтиды. Бұл білім түрі көптеген шетелдіктерді қызықтырады - өйткені тұрғынжай жалдау шығындары да 1 жылға азаяды.
  • МАГИСТРАТУРА - ұзақтығы 1 жыл
    Магистратура бағдарламасы мейлінше шоғырландырылған және былайша құрылған: 9 ай теория оқытылады және 3 ай диссертация жазылады. Ұлыбританиядағы Master (магистратура) бағдарламасы - әлемдік аренада ең танымал бағдарлама, өйткені ол ұзақтығы жағынан өте тиімді және қысқа бағдарламалардың бірі болып табылады. Қысқалығына қарамастан оқыту сапасы жоғары деңгейде.

    Төменде Ұлыбританияда ұсынылатын оқу түрлері берілген, онда Сіз өзіңізге ең қолайлы оқу түрін таңдап, онымен толық таныса аласыз. Немесе сол жерде өтінім қалдыра аласыз, біздің менеджерлер Сізге оқу бағдарламасын өздері таңдап береді.
СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
+ Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы