BAIGROUPKZ СІЗДІ ЖОҢҒАРИЯ МҰЗДЫҚТАРЫ МЕН КӨЛДЕРІНЕ БАРУҒА ШАҚЫРАДЫ

Жоңғария мұздықтары мен көлдері

0000 теңгеден бастап / 14 күн
  • »

Треккинг және шыңға шығу

Бағыт: Алматы облысы (Қазақстан)
Маусым: маусым-қазан
Қолайлы кезең: тамыз-қыркүйек
Бағыттың күрделілігі: тәжірибелі туристер үшін өте күрделі треккинг
Биіктік айырмасы: 760-3500 т.д.м
Жоңғар Алатауының орталық бөлігімен, оның негізгі шатқалдары, мұздықтары, альпілік шалғындары мен биік таулы көлдерімен өтетін бірегей бағыт. Бұл жерлер тың, сондықтан туристерді кездестіру екіталай, бағыттың экстремалдығының себебі осында.

САЯХАТ БАҒДАРЛАМАСЫ

1-күн
1-күн
Алматы - Талдықорған - Сарқанд
Алматыдан сағат 07: 00-де шығу. Талдықорғанға сағат 10:00-де келу. Алматы облысының өлкетану мұражайына бару, түскі ас ішу. Сарқандқа бару (шамамен 150 км). 2 сағаттық сапар барысында 2-3 қызықты және естелік орындарына аялдама жасау, сондай-ақ Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің орталық офисіне бару көзделген. Алғаш рет Сарқанд туралы Шоқан Уәлиханов өзінің Жетісуды зерттеу туралы очерктерінде айтқан. Бұл ескертулер өткен ғасырдың 1857 жылынан басталады. Бастапқыда Сарқанд Сібір казактары құрған станция болған. Алғашқы негізгі қоныстар Сарқанд өзенінің жағасында 1858 жылы Копаль және Лепсі уездерінен 22 отбасы қоныс аударған кезде пайда болды. 1872 жылы алғашқы мектеп ашылды. 1928 жылы Сарқанд ауданы құрылды. Оның құрамына Черкасс болысы және Лепсі уезі кірді. 1964 жылдан бастап Сарқанд қала үлгісіндегі ауыл, ал 1968 жылы қала болып қайта құрылды. Бүгінде бұл шағын, бірақ өте әдемі қала. Жергілікті тұрғындардың негізгі қызметі - ауыл шаруашылығы, керемет шарап өндірісі, тіпті шағын сыра қайнату зауыты мен ірімшік шығаратын зауыт бар. Сарқандқа сағат 18:00 шамасында келу. Қонақ үйге орналасу. Кешкі ас, бос уақыт, жолға шығуға дайындық. Сарқанд қонақ үйінде түнеу. Бұл күні жалпы автомобиль жүрісі шамамен 400 км
2-күн
2-күн
Сарқанд - "Кіші басқан" кордоны-кіші Басқан өзенінің алқабы
07:00-де ұйқыдан тұру. Таңғы ас, жиналу. "Кіші Баскан" кордонына бару. Кордонда түскі ас ішу, өзеннің оң жағалауына өту жәнеКіші басқан шатқалымен жоғары көтерілу. Жолдың алғашқы 2 км биік және тікенді бұталар, қалақай өскен, дауылдан құлаған ағаштар жатқан күрделі жолмен өтеді. Әрі қарай бірінші күнгі түнеу орнымызға дейін жақсы қара жолмен жүреміз. Кіші басқан шатқалы Жоңғар Алатауының орталық жотасының солтүстік беткейінде, оның ең биік бөлігінде орналасқан және оңтүстіктен солтүстікке бағытталған. Кіші Басқан өзенінің Үлкен Басқан өзенімен қосылатын жеріне дейінгі ұзындығы шамамен 40 км. Екі өзен бұрынғы Покатиловка деп аталатын Екіаша ауылының маңында бірігеді, шатқалдың басына апаратын жолымыз осы ауыл арқылы өтетін болады. Шатқал осы аудандағы ірі мұздықтардың бірі Жамбыл мұздығынан басталады. Жамбыл мұздығының шығыс бөлігінде Жоңғар Алатауының үш биік шыңы орналасқан: Семенов-Тянь-Шань шыңы, Шумский шыңы мен Абай шыңы, Жамбыл мұздығының батыс бөлігінде Жамбыл шыңы. Түнеу орнына келу. Лагерь орнату, кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жалпы автомобиль жүрісі шамамен 50 км, жаяу жүріс - шамамен 7 км
3-күн
3-күн
Кіші Баскан өзенінің алқабы
Ерте тұру, таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Шатқал бойымен орманның жоғарғы бөлігіне өту. Күні бойы біз ойлы-қырлы жермен қозғаламыз, жол кейде пайда болып, кейде мүлдем жоғалып кетеді. Кейбір жерде жақсы қара жол пайда болады. Жолда Кіші Басқан өзеніне құятын бірнеше жылғаны кездестіреміз, оларды кешіп өтуге тура келеді. Шекара заставасын айналып өтіп, Құмбасай өзенінен өтіп, тоқтап, түскі ас ішеміз. Түскі ас пен қысқа демалыстан кейін біз қозғалысты жалғастырамыз. Кіші Басканның тағы екі жылғасын кешіп өту арқылы біз орманның жоғарғы бөлігіне жетеміз. Сол жерде лагерь құру үшін орын таңдаймыз. Шыңдарды тамашалай отырып, кешкі ас ішеміз, тынығамыз. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 14 км
4-күн
4-күн
Кіші Басқан өзенінің алқабы -Жамбыл мұздығы
Ерте тұру, таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Өз бастауын Шумский мұздығынан алатын, Кіші Басқанға құятын ең ірі Арчевая өзеніне бару. Ағып жатқан өзеннің бірнеше жеңінен өтіп, бізге өзенді кешіп өтуге тура келер. Жыл мезгіліне қарай су деңгейі де әртүрлі болуы мүмкін . Альпілік шалғындардан өткеннен кейін үлкен тас үйінділерінен өтуге туралы келеді. Тас үйінділерінен өткеннен кейін қайта Альпілік шалғынды жолға шығып, морена көліне өтеміз. Бұл көлдегі су деңгейі бір жылда бірнеше рет өзгереді. Көпжылғы моренаның шатқалды қоршауынан пайда болған көл жағасына аялдау, түскі ас ішу және аздап тынығу. Содан кейін Жамбыл мұздығынан пайда болған моренаға өту. Лагерь орнату, кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 12 км
5-күн
5-күн
Жамбыл мұздығы - Кіші Басқан өзенінің алқабы
Сағат 04:30-да ерте тұру, таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Жамбыл мұздығына, Семенов-Тянь-Шаньский шыңының шолу нүктесіне көтерілу. Жамбыл мұздығының жалпы ұзындығы 6 км жуық, мұздықтың ашық бөлігі 5 км жуық. Мұздық айдынының ауданы шамамен 11,5 шаршы км. Мамандардың бақылауларының нәтижелері бойынша мұздық жыл сайын шамамен 2,5 метрге қысқарып отыр. Бұл аймақ үшін бұл өте қарқынды еру. Мұздық қазақтың көрнекті ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне аталған. Мұздық моренасына түсу, түскі ас ішу, тынығу. Түскі астан кейін Арчевая өзеніне түсу. Тас үйіндісін айналып өтіп, лагерьге орын таңдаймыз. Лагерь орнату, кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 16-20 км

* Тәжірибелі туристер үшін Семенов-Тянь-Шаньский шыңына (теңіз деңгейінен 4665 метр биіктікте) көтерілуді ұйымдастыруға болады. Ол үшін бағдарламаға тағы 1 күн қосу керек.
6-күн
6-күн
Шумский мұздығына бару
Таңғы ас ішу. Шумский мұздығынан оралу. Лагерьге оралу, кешкі ас ішу және тынығу. Мұнда келген көптеген туристер Шумский мұздығын бұрын соңды көрмеген ең сұлу жер деген. Жергілікті тұрғындар бұл мұздықты "Сәукеле" деп атайды, бұл қазақтың ұлттық бас киімі, шынымен мұздық пішіні жағынан сәукелеге өте ұқсас. Мұздықтың көлемі Жамбыл мұздығына өте ұқсас, ұзындығы шамамен 6 км, ауданы шамамен 10,7 шаршы км. Мұздық кеңес ғалымы, кеңестік гляциология мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Арктика мен Антарктиканы зерттеуші Петр Александрович Шумскийдің есімімен аталған. Лагерьге оралу, кешкі ас ішу және тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 10 км
7-күн
7-күн
Кіші Басқан өзенінің алқабы - Суырлы асуы - Суырсай алқабы
Таңертең ерте тұру, таңғы ас ішу. Лагерьді жинау және шатқалдан орманның жоғарғы бөлігіне өту. Құмабасай өзенінен өту, содан кейін аялдап, түскі ас ішу, тынығу. Аялдамадан кейін Суырлы асуына қарай жол тартамыз, Оның биіктігі шамамен 2800 т.д.м Асудан Суырсай өзеніне қарай түсіп, лагерьге орын таңдаймыз. Лагерь орнату, кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 13 км
8-күн
8-күн
Суырсай алқабы - Үлкен Басқан-Тереңсай шатқалы
Таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Суырсай шатқалынан шекара заставасына дейін түсу және Үлкен Басқан өзеніне бару. Аялдау, түскі ас ішу, тынығу. Үлкен Басқан өзенінің бастаулары Жоңғар Алатауының ең ірі мұздықтарынан ағатын төрт өзеннен құралады. Жоңғариядағы ең ұзын мұздық - Абай мұздығы (ұзындығы шамамен 10,5 км, ауданы шамамен 13,5 шаршы км), сондай-ақ Шумский мұздығы. Шумский шыңындағы Үлкен Басқан шатқалының максималды биіктігі - 4445 м. м. Қараңгүрт пен Тереңсай бастауларының бірігуінен кейін өзен Үлкен Басқан деп аталады. Түскі астан кейін Үлкен Басқан шатқалынан Тереңсай ағысына көтерілеміз. Жол кейде жақсы, кейде нашар. Жолдың көп бөлігі ойлы-қырлы. Әрі қарай Атаусыз асудың жанындағы орманның жоғарғы бөлігіне жетіп, лагерьге орын таңдаймыз. Кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 16 км
9-күн
9-күн
Тереңсай шатқалы - Атаусыз асу - Солнечный алқабы - Жоғарғы Жасылкөл көлі
Таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Атаусыз асуға шығамыз, оның биіктігі шамамен 3220 м. м. Кең шатқал бойымен көтерілу, кейбір жерде жақсы қара жол пайда болады, тау аңғарына жақын кішкене қорымды беткейден өту керек болады. Асудың аңғарынан Кора өзенінің төменгі ағысында орналасқан Солнечный алқабына және Тереңсай шатқалына керемет көрініс ашылады. Асуда демаламыз. Асудан кең алқапқа жасыл баураймен, кейбір жерлерде керемет жолмен түсеміз. Солнечный алқабын айналып өтіп, Қора және Бала Қора өзендерінің тоғысына тоқтап, түскі ас ішеміз, тынығамыз. Тынығып алғаннан кейін біз Алиса асуына көтерілуіміз керек, оның биіктігі шамамен 2980 м. м. Кейде шөптен бойың көрінбейтін тік құлаған көк баураймен асуға көтерілу қиын. Асудан ашылатын көрініс тіпті ең тәжірибелі туристі таң қалдырады: шығысында - айдыны айнадай көгілдір Жоғарғы Жасылкөл, батысында Солнечный алқабы мен Қора, Бала Қора өзендерінің жоғарғы сағасына көрініс ашылады, ал аспан ашық кезде аудандағы ең ірі Колесник мұздығының қарлы шыңдарын көруге болады. Алиса асуынан Жасылкөл көлінің жағасына түсіп, лагерьге орын таңдап, кешкі ас ішеміз, тынығамыз. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 17 км
10-күн
10-күн
Жоғарғы Жасылкөл көлі
Көл жағасында бір күн демалу. Айналаны аралап серуендеу. Көл жағасында шатырлы лагерьге түнеу. Көл 2200 м. м. биіктікте, Кикөзен өзенінің бүйір тармағы Қызылауыз өзенінде орналасқан. Ол күшті жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған. Сол кезде құлаған оң жақ тау бөктері шатқалды үлкен жартастармен бөгеп, жауып тастайды. Көлдің ұзындығы 3,3 км, орташа ені 300 м. Пішіні жағынан көл Жетісу бақатістісіне (Жоңғар Алатауын ғана мекен ететін, саны азайып бара жатқан құйрықты қосмекенді) ұқсайды. Көл Альпі шалғындары мен сирек кездесетін, тырбық бұталармен көмкерілген жасыл беткейлермен үндесетін көк-жасыл реңкке ие. Шалғайда жатқандықтан көлге барушылар саны өкінішке орай аз, алайда оның көз тартарлық көркемдігі мен әсемдігі Төменгі көлден еш кем түспейді.
11-күн
11-күн
Жоғарғы Жасылкөл көлі - Қырықаяқ асуы - Ақ-Тас үстірті
Таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Альпі шалғындары өсетін кең жолмен, кейде өзен жылғаларымен Ағынақаты және Екіаша өзендерінің тоғысына бару. Екі өзеннің тоғысқан жеріне жетпей Ағынақаты өзенін кешіп өтіп, оның оң жағалауымен Терсай шатқалына барамыз. Терсай өзенін кешіп өтіп, сол жерде аялдаймыз, түскі ас ішіп, тынығамыз. Тынығып алғаннан кейін күрделі Қырықаяқ асуынан өтеміз. Асуға мұндай қызық атау бекер берілмеген, оның тік биіктігі шамамен 1000 метр, ал оған айналып шығатын бұралаң жол әрқайсысының ұзындығы шамамен 5 км болатын 40 жалғыз аяқ жолға бөлінеді. Тәжірибелі туристер әдетте бұралаң жолмен айналып өтпей, асуға "тігінен" шығады, сондықтан тезірек жетеді. Қалай болғанда да, бұл асуға көтерілу оңай емес. Асуға көтерілгеннен кейін Ақ-Тас үстіртіне аялдаймыз. Әрі қарай бұлаққа барып, сол жерде төменгі Жасылкөлге қарайтын түнеу лагерін құрамыз. Кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 15 км
12-күн
12-күн
Ақ-Тас үстірті - Төменгі Жасылкөл көлі
Таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Ақ-Тас үстіртіне бұлаққа бару. Үстірттен өту ерекше сезім сыйлап, жағымды әсер қалдырады. Қайда қарасаң да айнала Альпі шалғындары мен таңғажайып гранит жартастар, алыстан Жоңғар Алатауының шыңдары түгел анық көрінеді. Бұлақ басына аялдап, түскі ас ішеміз. Содан кейін Төменгі Жасылкөл көліне қарай түсеміз. Жол кейде жүрісті қиындататын қалың шөппен беткейді айналып өтеді. Төменгі Жасылкөл көлі Жоңғар Алатауы жотасының солтүстік беткейінде, Ағынықатты өзенінің аңғарында, теңіз деңгейінен 1640 метр биіктікте орналасқан. Көл бойының ұзындығы солтүстік жағалаудан Ағынықатты өзенінің оңтүстік сағасына дейін 2070 метрді құрайды, көлдің солтүстік бөлігіндегі енді жері – 751 метр. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін мұнда жан баспаған, бұл таңқаларлық жағдай емес, өйткені бұл жерден мемлекеттік шекара өтеді. Көлге Ағынықатты өзені құйылып, ал жазда оған Жоңғар Алатауы мұздықтарынан бастау алатын көптеген бұлақтар ағады, Жасылкөл суы әрдайым лай, қанық көк және жасыл түсті. Көл жағасын бұрыннан кербез сұлу маралдар мекендейді. Төмен түскеннен кейін көл жағасына жайғасып, лагерь орнатамыз, кешкі ас ішіп, тынығамыз. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 10 км
13-күн
13-күн
Төменгі Жасылкөл көлі - Жалаңаш кордоны - Лепсі
Таңғы ас ішіп, лагерьді жинау және балы соңғы орыс патшасына жіберіліп тұрған, Жоңғар Алатауында ең биік орналасқан омартаға барамыз. Омартаға тоқтап, бал дәмін татамыз. Содан кейін Жалаңаш кордонына және одан әрі Лепсіге барамыз. Қолда бар артефактілерге сүйенсек, Лепсі орналасқан жерді адамдар XII ғасырдың өзінде мекендеген деп айтуға болады. Бұған 1989 жылы табылған XII – X ғасырға жататын қорған тасы-Бал-бал дәлел бола алады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Лепсіде граниттен жасалған түркі тас мүсіндері бар үш қорған болған. Біреуі Ауылдық кеңестің кіреберісіне, екіншісі жергілікті тұрғынның үйінде, үшіншісі Амур бұлағының айналасында көмілген. 1390 жылы Моғолстанға жорығында Әмір Темір Лепсі маңындағы Үйгентас асуына қорғандар тұрғызған. Осындай қорғандармен ол өз империясының шекараларын белгілеген. Жеке заттарына ол үш шеңбер түріндегі белгісін қойған. Мұндай белгі 1994 жылы Лепсіге жақын Көк Төбе тауының етегінен табылған. Лепсінің қазіргі заманғы тарихы 1822 жылдан басталады. Хан билігінің жойылуы қазақ үйсін руының Ресейге қосылуына себеп болады. Алайда, бұл бағыттағы алғашқы әрекеттер сәтсіз шығады. Тек 1846 жылы ғана Жетісу өлкесін Ресей құрамына қосу және Лепсіні станица ету туралы шартқа қол қойылады. Бұл кішкентай ауылдың қызықты тарихының аз ғана бөлігі, ең қызықтысын Сізге жергілікті тұрғындар айтып береді. Қонақ үйге орналасу, кешкі ас ішу, моншаға түсу, тынығу. Қонақ үйге түнеу. Бұл күні жалпы автомобиль жүрісі шамамен 30 км, жаяу жүріс - шамамен 3 км
14-күн
14-күн
Лепсі-Сарқанд-Талдықорған-Алматы
Таңғы ас ішу. Лепсіден сағат 07:00-де шығу. Жолда Талдықорғанда түскі ас ішу. Сағат 21:00-де Алматыға келу. Бұл күні жалпы автомобиль жүрісі шамамен 700 км
СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
+ Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы