BAIGROUPKZ СІЗДІ ЖАРКЕНТ-АРАСАН ШИПАЖАЙЫНА БАРУҒА ШАҚЫРАДЫ

Жаркент - Арасан шипажайы

Жаркент-Арасан шипажайы өзінің бальнеологиялық және балшықпен емдеу мекемесімен әйгілі, физиотерапия кабинеттері жаңа аппараттармен жабдықталған, емдік дене шынықтыру жаттығулары денені сергек ұстауға, ал массаж денені босаңсытуға көмектеседі... .

Шипажай туралы

Жаркент-Арасан Шипажайы теңіз деңгейінен 1100 метр биіктіктегі таулы аймақта орналасқан. Ірі қалалардың бірі Алматы және Талдықорған қаласына дейінгі қашықтық – шамамен 280 км құрайды. Ең жақын орналасқан қала-Жаркент, арасы 40 км.

Бұл шипажайдың тарихы сонау 20 ғасырдың 50-ші жылдардан бастау алады.
Құнары емдік қасиетке толы қазыналы жерді алғаш ашқандардың бірі Домбықұл деген кісі болғаны белгілі. Ол сол өткен ғасырдың бас кезінде-ақ өзінің емдік тәжірибесін бастап кеткен еді.

Ол бойындағы білімділік пен адамдарды емдеуге деген таза ниетінің арқасында ел жадында жарқын адам ретінде қалды.

Қазіргі кезде «Тұз», «МӨЛДІР-СУ» және «Арасан» аталатын емдеу әдістері Жаркент-Арасан дәрігерлерінің түрлі ауруларды емдеуге қолданып жүрген маңызды және негізгі дәрігерлік әдістемелері болып табылады.

Шипажайдың бөлме қоры 280 төсек орнынан тұрады және шипажай бес корпусқа бөлінген. Бөлмеде бір немесе екі адам тұруына болады. Әр бөлме душпен, дәретханамен, теледидар пен тоңазытқышпен жабдықталған. Асханада бес уақыт тағам әзірленеді.

Шипажай өз науқастарына бальнео яғни минералды сумен, және балшықпен емдеу қызметін ұсынуға дайын.

Сондай-ақ, сіздер үшін физеотерапия кабинеттері мен емдік дене шынықтыру қызметтері көрсетіледі. Оған қоса, массаж кабинеті, парафиноаппликация, гинекология кабинеттері, ішек жолдары мен тіс шаю кабинеттері, душ пен төрт камералы ванна «шарко душының» есігі ашық.

Шипажай аумағындағы науқастардың бос уақыттарын аса тиімді және қызықты өткізу мақсатында бассейн, бильярд, сауна, кафе, би қалағандар үшін би алаңы ұйымдастырылған.

Шипажайда дене шынықтыру қажет етсеңіз, тренажер залы мен спорттың белсенді түрлеріне арналған спорт алаңдары бар.

Жанкент-Арасан шипажайындағы ем шараланың түрлері

радондық ванналар
физиотерапия
балшықпен емдеу
магнитотерапия
парафинопликация
электрофорез
күн сәулесі ваннасы
термо-жабын
ингаляция
ішек тазалау
гинекологиялық суландыру
урологиялық микроклизма
радон суын мөлшерлеп ішу
емдік дене шынықтыру
циркуляциялық душ
Шарко душы
терренкур

Жаркент-Арасан шипажайындағы минералды судың химиялық құрамы

Профилактикалық емделу көрсеткіштері

Жаркент-Арасан шипажайындағы профилактикалық емделу мақсатында және басқа да ауруларды емдеуге бағытталған әдістер мен мүмкіндіктердің кең ауқымды нұсқалары келесі көрсеткіштерді қамтиды:
Жүйке жүйесінің аурулары
Орталық жүйке жүйесі, перифериялық жүйке жүйесі. Сондай-ақ функционалдық және органикалық аурулар.
Гинекологиялық аурулар
Гиперэстрогения мен нейроэндокриндік ауытқулар (қабынған және қабынбаған) фибромиомалар, эндометриоздар, бедеулік, климактериялық синдром және т.б.
Бүйрек және өт жолы аурулары
Несеп тас ауруы, пиелонефрит, бүйрек функциясының созылмалы түрдегі жеткіліксіздігі және түрлі жүйелік бұзылулар.
Эндокриндік ішкі секрециялық жүйе
Тағамдануға, тәбет жоғалту мен зат алмасу жүйелеріне қатысты түрлі бұзылулар:
Гипертиреозбен ұласқан зоб (қалқанша бездің үлкеюі), қант диабеті, семіздік және т.с.с.
Тері аурулары
Созылмалы экземалар, нейродермиттер (жүйке жүйесі ауруларымен байланысты тері қабынуы), псориаз (терінің созылмалы ауруы), склеродермия (терінің ошақталған немесе жайылмалы беріштенуі және атрофиялануы)
Қан айналым жүйелерінің аурулары
Артериялық гипертензия, тромбофлебиттер (вена тромбозы және қабынуы), ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы), облитерациялағыш, бітегіш эндартериит (артерияның ішкі қабығының қабынуы) және т.б.
Сүйек-бұлшықет жүйесі
Ревматоидтық артрит, остеохондроз (сүйек пен шеміршек дистрофиясы) және т.б.
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Ринит (мұрынның сілемейлі қабығының қабынуы), синусит, өкпенің бітелуі, яғни обструкциялық ауруы, телімсіз қабынған аурулар, аллергиялық аурулар, бронх демікпесі.
Бауырдың, өт жолдары мен ұйқы безінің қабынған аурулары

Қарсы көрсетілімдер

Радон суы- құрамы радиоактивті радон элементтерге толы минералды сулар. Радон суы кең ауқымдағы ауру-сырқауларды емдеу мақсатында қолданылады, алайда ескеретін бірқатар қарсы көрсетілімдер бар:
Бальнеотерапияға, яғни минералды сумен, шипалы ембалшықпен емдеуге жалпы қарсы көрсетілімдер
Жүктілік
Айқын лейкопения-қандағы лейкоциттер санының азаюы (3,5 10 9/л көрсеткіштерінен төмен)
Сәулелік аурулардың барлық сатылары
Гипотиреоз (қалқаншабез қызметінің жеткіліксіздігі)
Гипоэстрогения ауруы
Мамандықтарына байланысты жұмыс барысында радиоактивті сәулелену ортасында немесе УЖЖ (ультра жоғары жиілікті) терапия мен АЖЖ (аса жоғары жиілікті) терапия тоқтарымен ұзақ мерзімде қатыраста болған аурулар

Қосымша қызметтер

Жоғарыда көрсетілген емшаралардан бөлек келесі қызмет түрлерін қосымша төлем жасай отырып ала аласыз:
Массаж
Инемен емдеу
Механикалық массаж
Тұзды үңгір
Оттегі коктейлі
Фито-бөшке
Фито-шай
Құрғақ жолмен тартып созу (ормед-тракцион жүйесі)
УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу)

Жаркент-Арасан фото

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
+ Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы