- Іскерлік визада саусақ іздерін әр кез тапсырып отыру міндетті болып табылады.
- Визаға тапсырыс беруші консулмен анкета бойынша сұхбат өтеді. Консул сұхбат барысында қосымша сұрақтар қоюға құқылы.
- Шақырту қағазының түпнұсқалылығы тексеріледі.
- Жасы 22-ге жетпеген және зейнеткерлік жасқа толған тұлғалардың құжаттары қабылданбайды.
- Іскерлік виза балаларымен бірге рәсімделмейді.
Маңызды: Анкетада көрсетілген, төлқұжатқа жабыстырылған визаның жарамдылық мерзімінен асырмаңыз. Болмаған жағдайда сізді айыппұл, тіпті депортация күтіп тұруы әбден мүмкін. Қытайдан қайтып келе салысымен кіріп-шығу штампын суретке түсіріп алып, консулдықтың электрондық поштасына жолдауыңыз қажет. Пошта мекенжайы визамен бірге беріледі.
Туылған жері Қытай деп жазылған төлқұжаттарды қабылдамаймыз.
Туылған жері Ауғанстан, Түркия деп көрсетілген төлқұжаттарға виза беруден бас тартылады, есесіне құжат көшірмелерін 45 күн мерзімде қарастыруға алып қалады. Егер Қытай тарапынан виза беруге оң шешім келсе, турист төлқұжатын келесі визаға бере алады деген сөз.
Виза беруден бас тартылса- жалпы виза бағасынан 80$ ұсталынады. Оның ішіне компания мен консулдық жинақ сомасы кіреді.
Рәсімделу мерзімі- биометрия тапсырғаннан кейін 7 күнтізбелік күн.