BAIGROUPKZ СІЗДІ ТҮРКІСТАНДЫ АРАЛАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Шымкенттен Түркістанға саяхат

  • »

Бағыт

Шымкент- Сайрам - Арыстан-баб - Түркістан - Шымкент
Испиджаб Ұлы Жібек жолының қазақ бөлігіндегі бастапқы нүкте болып саналады. Мұнда Бұхара, Мерва және Самарқанд саудагерлері өздерінің керуен сарайларын тұрғызған. Қаланы негізінен қолөнершілер мекендеген. Қаланың тарихи қасиетті жерлері - XII ғасырға жататын Базалақ-ата мешітінің мұнарасы, Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты екі кесене, жоңғар шапқыншылығынан кейін салынған діни ғимараттар.

Аралау объектілері

  • Х. А. Яссауидің ата-анасы Қарашаш ана (XVIII ғ.) мен Ибрагим ата (XIII-XIX ғ. ғ.) кесенесі
  • Ортағасырлық Хызр мұнарасы (XIII-XIX ғ. ғ.)
Аңыз бойынша Темірланның бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи қабірінің үстінде мешіт құрылысы басталған (1338-1405). Алайда, бір аңыз бойынша қатты боран, басқа аңыз бойынша көк бұқа оның қабырғаларын көтеруге мұрша бермеген. Темірдің түсіне енген әулие мешітті алдымен әулие Арыстан баб қабірінің үстіне, содан кейін Қожа Ахмет Ясауидің қабірінің үстіне салу керек деп аян береді. Темір оның айтқанын бұлжытпай орындайды. Сондықтан қажылыққа келгендер алдымен Арыстан баб ұстаздың кесенесіне, содан кейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады

Түркістан (Яссы) түркі тілдес адамдардың рухани және саяси орталығы ретінде танымал болған және Қазақ хандығының астанасы болған. Түркістанға 1500 жыл. Қажылық жасаушылар Түркістанға жасалған үш сапар Меккеге кіші қажылық жасағанмен тең дейді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнерінің теңдессіз жауһары және сарайлар мен ғибадатханалардың ғажайып кешені. Ғимарат 30 бөлме мен залдан тұрады. Оның орталық залы - бұрын қазақ хандарының жабық резиденциясы болған, қазір мұнда ерекше музей-пантеон ашылды. Бұл мұражайдың басты жәдігері – Шығыс мұсылман әлеміндегі су құятын ең үлкен ыдыс – Тай қазан.

Аралау объектілері

  • Қожа Ахмет Яссауи кесенесі;
  • Ортағасырлық монша;
  • Ұлы әулие өмір сүрген Хилвет;
  • Хамам;
  • Жұма намаз оқылатын мешіт;
  • Темірдің немересі Рабия - Сұлтан Бегімнің кесенесі;

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы