Алматыдан небәрі 200 шақырым жерде Шаған тоғайы жайылып жатыр, оның көркем пейзаждары өзінің сұлулығымен және табиғи объектілерімен баурап алады.
Ең үлкен табиғи обектілердің бірі Шарын шатқалы, ол өзі аттас өзеннің бойымен созылып жатыр. Шатқалдың сұлулығы өзінің ерекшелігімен таң қалдырады.
Одан әрі Шоңжы ауылынан 50 шақырым жерде Қарадала кен орнының минералды, термалды көздері орналасқан. 2010 жылы зерттеу тобы Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Қарадала кен орнының бұлақтарындағы су күрделі сульфатты-гидрокарбонатты-хлоридті натрийлі құрамның шамалы минералданған емдік-асханалық акротермасы (гипертермасы) болып табылатыны туралы қорытынды берді.
Бұлақтардағы су құрамындағы радон мен кремний мөлшері жоғары. Термалды бұлақ көздерінен алынған су әртүрлі ауруларды, соның ішінде асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу жолдарының ауруларын емдеу үшін қолданылады. Бұдан басқа сіз жолдың өзінен де, демалыс үйлерінен де рақат аласыз. Күндіз сіз күнге қыздырынып, бассейнге түсе аласыз, ал кешке көңіл көтеретін би кешіне бара аласыз.