BaiGroupKZ Сіздерді Семенов-Тянь-Шанский шыңына баруға шақырады

Семенов-Тянь-Шанский
шыңына шығу

0000 теңгеден бастап / 9 күн
  • »

Треккинг және шыңға шығу

Бағыт: Алматы облысы (Қазақстан)
Маусым: маусым-қазан
Қолайлы кезең: тамыз-қыркүйек
Маршруттың күрделілігі: күрделілік деңгейі орташа треккинг
Биіктік айырмасы: 760-3500 т.д.м

Жоңғар Алатауының ең биік нүктесі - Семенов-Тянь-Шанский шыңына күрделілік деңгейі орташа треккинг. Осы жорық кезінде Сіз Жоңғарияның ең үлкен мұздықтарына барасыз, оған көтерілу үшін жотаның негізгі шатқалынан өтеміз.

САЯХАТ БАҒДАРЛАМАСЫ

1-күн
1-күн
Алматы - Талдықорған - Сарқанд
Алматыдан сағат 07: 00-де шығу. Талдықорғанға сағат 10:00-де келу. Алматы облысының өлкетану мұражайына бару, түскі ас. Сарқандқа бару (шамамен 159 км). 2 сағаттық сапар барысында 2-3 қызықты және естелік орындарына аялдама жасау, сондай-ақ Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің орталық офисіне бару көзделген. Алғаш рет Сарқанд туралы Шоқан Уәлиханов өзінің Жетісуды зерттеу туралы очерктерінде айтқан. Бұл ескертулер өткен ғасырдың 1857 жылынан басталады. Бастапқыда Сарқанд Сібір казактары құрған станция болған. Алғашқы негізгі қоныстар Сарқанд өзенінің жағасында 1858 жылы Копаль және Лепсі уездерінен 22 отбасы қоныс аударған кезде пайда болды. 1872 жылы алғашқы мектеп ашылды. 1928 жылы Сарқанд ауданы құрылды. Оның құрамына Черкасс болысы және Лепсі уезі кірді. 1964 жылдан бастап Сарқанд қала үлгісіндегі ауыл, ал 1968 жылы қала болып қайта құрылды. Бүгінде бұл шағын, бірақ өте әдемі қала. Жергілікті тұрғындардың негізгі қызметі - ауыл шаруашылығы, керемет шарап өндірісі, тіпті шағын сыра қайнату зауыты мен ірімшік шығаратын зауыт бар. Сарқандқа сағат 18:00 шамасында келу. Қонақ үйге орналасу. Кешкі ас, бос уақыт, жолға шығуға дайындық. Сарқанд қонақ үйінде түнеу. Бұл күні жалпы автомобиль жүрісі шамамен 400 км
2-күн
2-күн
Сарқанд - "Кіші басқан" кордоны-кіші Басқан өзенінің алқабы
07:00-де ұйқыдан тұру. Таңғы ас, жиналу. "Кіші Баскан" кордонына бару. Кордонда түскі ас ішу, өзеннің оң жағалауына өту жәнеКіші басқан шатқалымен жоғары көтерілу. Жолдың алғашқы 2 км биік және тікенді бұталар, қалақай өскен, дауылдан құлаған ағаштар жатқан күрделі жолмен өтеді. Әрі қарай бірінші күнгі түнеу орнымызға дейін жақсы қара жолмен жүреміз. Кіші басқан шатқалы Жоңғар Алатауының орталық жотасының солтүстік беткейінде, оның ең биік бөлігінде орналасқан және оңтүстіктен солтүстікке бағытталған. Кіші Басқан өзенінің Үлкен Басқан өзенімен қосылатын жеріне дейінгі ұзындығы шамамен 40 км. Екі өзен бұрынғы Покатиловка деп аталатын Екіаша ауылының маңында бірігеді, шатқалдың басына апаратын жолымыз осы ауыл арқылы өтетін болады. Шатқал осы аудандағы ірі мұздықтардың бірі Жамбыл мұздығынан басталады. Жамбыл мұздығының шығыс бөлігінде Жоңғар Алатауының үш биік шыңы орналасқан: Семенов-Тянь-Шань шыңы, Шумский шыңы мен Абай шыңы, Жамбыл мұздығының батыс бөлігінде Жамбыл шыңы. Түнеу орнына келу. Лагерь орнату, кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жалпы автомобиль жүрісі шамамен 50 км, жаяу жүріс - шамамен 7 км
3-күн
3-күн
Кіші Баскан өзенінің алқабы
Ерте тұру, таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Шатқал бойымен орманның жоғарғы бөлігіне өту. Күні бойы біз ойлы-қырлы жермен қозғаламыз, жол кейде пайда болып, кейде мүлдем жоғалып кетеді. Кейбір жерде жақсы қара жол пайда болады. Жолда Кіші Басқан өзеніне құятын бірнеше жылғаны кездестіреміз, оларды кешіп өтуге тура келеді. Шекара заставасын айналып өтіп, Құмбасай өзенінен өтіп, тоқтап, түскі ас ішеміз. Түскі ас пен қысқа демалыстан кейін біз қозғалысты жалғастырамыз. Кіші Басканның тағы екі жылғасын кешіп өту арқылы біз орманның жоғарғы бөлігіне жетеміз. Сол жерде лагерь құру үшін орын таңдаймыз. Шыңдарды тамашалай отырып, кешкі ас ішеміз, тынығамыз. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 14 км
4-күн
4-күн
Кіші Басқан өзенінің алқабы -Жамбыл мұздығы
Ерте тұру, таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Өз бастауын Шумский мұздығынан алатын, Кіші Басқанға құятын ең ірі Арчевая өзеніне бару. Ағып жатқан өзеннің бірнеше жеңінен өтіп, бізге өзенді кешіп өтуге тура келер. Жыл мезгіліне қарай су деңгейі де әртүрлі болуы мүмкін . Альпілік шалғындардан өткеннен кейін үлкен тас үйінділерінен өтуге туралы келеді. Тас үйінділерінен өткеннен кейін қайта Альпілік шалғынды жолға шығып, морена көліне өтеміз. Бұл көлдегі су деңгейі бір жылда бірнеше рет өзгереді. Көпжылғы моренаның шатқалды қоршауынан пайда болған көл жағасына аялдау, түскі ас ішу және аздап тынығу. Содан кейін Жамбыл мұздығынан пайда болған моренаға өту. Лагерь орнату, кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 12 км
5-күн
5-күн
Жамбыл мұздығы - Кіші Басқан өзенінің алқабы
Сағат 04:30-да ерте тұру, таңғы ас ішу және лагерьді жинау. Жамбыл мұздығына, Семенов-Тянь-Шаньский шыңының шолу нүктесіне көтерілу. Жамбыл мұздығының жалпы ұзындығы 6 км жуық, мұздықтың ашық бөлігі 5 км жуық. Мұздық айдынының ауданы шамамен 11,5 шаршы км. Мамандардың бақылауларының нәтижелері бойынша мұздық жыл сайын шамамен 2,5 метрге қысқарып отыр. Бұл аймақ үшін бұл өте қарқынды еру. Мұздық қазақтың көрнекті ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне аталған. Мұздық моренасына түсу, түскі ас ішу, тынығу. Түскі астан кейін Арчевая өзеніне түсу. Тас үйіндісін айналып өтіп, лагерьге орын таңдаймыз. Лагерь орнату, кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 16-20 км

* Тәжірибелі туристер үшін Семенов-Тянь-Шаньский шыңына (теңіз деңгейінен 4665 метр биіктікте) көтерілуді ұйымдастыруға болады. Ол үшін бағдарламаға тағы 1 күн қосу керек.
6-күн
6-күн
Шумский мұздығына бару
Таңғы ас ішу. Шумский мұздығынан оралу. Лагерьге оралу, кешкі ас ішу және тынығу. Мұнда келген көптеген туристер Шумский мұздығын бұрын соңды көрмеген ең сұлу жер деген. Жергілікті тұрғындар бұл мұздықты "Сәукеле" деп атайды, бұл қазақтың ұлттық бас киімі, шынымен мұздық пішіні жағынан сәукелеге өте ұқсас. Мұздықтың көлемі Жамбыл мұздығына өте ұқсас, ұзындығы шамамен 6 км, ауданы шамамен 10,7 шаршы км. Мұздық кеңес ғалымы, кеңестік гляциология мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Арктика мен Антарктиканы зерттеуші Петр Александрович Шумскийдің есімімен аталған. Лагерьге оралу, кешкі ас ішу және тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 10 км
7-күн
7-күн
Кіші Баскан өзенінің алқабы
Таңертең тұру, таңғы ас ішу. Лагерьді жинау және шатқалдан орманның жоғарғы бөлігіне өту. Қараусыз қалған шекара заставасын айналып өтіп, лагерьге орын таңдаймыз. Лагерь орнату, кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жаяу жүру ұзақтығы шамамен 12-14 км
8-күн
8-күн
Кіші Басқан өзенінің алқабы - "Кіші басқан" кордоны - Сарқанд
Таңертең тұру, таңғы ас ішу және лагерьді жинау. "Кіші Басқан" кордонына бару, түскі ас ішу. Түскі астан кейін Сарқандқа бару. Қонақ үйге орналасу, кешкі ас ішу, тынығу. Бұл күні жалпы автомобиль жүрісі шамамен 50 км, жаяу жүріс - шамамен 7 км
9-күн
9-күн
Сарқанд - Талдықорған - Алматы
Таңғы ас ішу. Сағат 09: 00-де Сарқандтан шығу Жолда Талдықорғанда түскі ас ішу. Сағат 20:00-де Алматыға келу. Бұл күні жалпы автомобиль жүрісі шамамен 400 км
СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
+ Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы