BAIGROUPKZ СІЗДІ АТПЕН СЕРУЕНДЕУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Атпен серуендеу

"Кетмен таулары"

Атпен серуендеу

Қазіргі дәрігерлер ер-тоқымда серуендеу адамның ас қорыту функцияларына, қан айналымы органдарына, жүйке, тыныс алу және эндокриндік жүйелерге оң әсер ететінін анықтады. Қазіргі ғалымдар атпен серуендеуді күйзеліс пен стресстен арылудың керемет тәсілі санайды.
Кетмен таулары туристер өте аз баратын жер, сондықтан табиғаттың бұл бұрышы өзінің таза кейпін сақтап қалған. Мұнда альпілік балғын жасыл желкен, жануар жолдары және сарқырамалардан аққан мұзды хрустальды суы бар көптеген өзендер бар. Мұнда балық аулауға, орман жидектері мен саңырауқұлақтарын жинауға, күйбең тіршіліктен демалып, табиғатпен қауышуға болады.

Кетмен асуының тау бөктерінде жыл бойы ағаштар гүлдеп, шөптер өседі, ал көлеңкелі баурайлар мен шыңдардан тіпті жаздың өзінде қар жатады. Әдетте, бағдарламада қонақ үйде және шатырларда түнеп, айналада атпен жүру қарастырылады.

Кетмен шатқалындағы турбаза Тянь-Шаньның солтүстік сілемдерінің ортасында Кетмен жотасының баурайында орналасқан. Оның аумағы 20 000 гектарды құрайды және тау бөктерін, аралас орманды, биік таулы шырша аймағын және альпілік шалғындарды қамтиды. Аумақта моншасы бар, бөренеден тұрғызылған қонақ үй бар.

№ 1 атпен серуендеу турының бағдарламасы

Бірінші күн
  • Тур Кетмен ауылынан басталады, онда сіз машинаңызды қорықшылардың ауласында қалдыра аласыз. (Алматы - Кетмен жолы - 330км, кез келген автомобильмен жүруге ыңғайлы, трансферге тапсырыс беруге болады)
  • Базаға атпен келу. Қонақ үйге орналасу, түскі ас ішу. Серуендеуге бос уақыт. Кешке қалаған адамдар орыс монша саунасына бара алады.
Екінші күн
  • Таңертең жануарлар сергек кезде оларды дүрбімен қарап бақылау, фотосафари жасау. Күндіз олар ыстықтан және жыртқыш аңдардан тығылады. Мұнда марал, Сібір елігі, Сібір тауешкісі, қабан, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан: ұлар, құр, кекілік түрлері жиі кездеседі.
  • Таңғы ас ішу.
  • Жаңа бағытпен аттармен шығу.
  • Өзен жағасында түскі ас ішу және тынығу. Теңіз деңгейінен 3000-3300 метр биіктікте шатырларда түнеу.
Үшінші күн
  • Таңғы ас ішу. Заттар мен жабдықтарды жинау. Атпен серуендеу турын жалғастыру.
  • Турбазаға басқа беткеймен келу.
  • Тур басталған жерге оралу (Кетмен ауылы). Алматы қаласына шығу
БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАЛАУЫҢЫЗША ӨЗГЕРТУ – 1-күні түстен кейін жолды жалғастырып, теңіз деңгейінен 3000-3300м биіктікте кешкі ас ішіп, шатырларда түнеуге болады. 2-күні таңертең жануарларды бақылау және фотосафари жасау, таңғы ас ішу, қонақ үйге оралу. Сол жерде түскі ас ішіп, тынығып, айналаны шолып, серуендеуге, кешке кешкі ас ішіп, қалаған адамдарға моншаға түсуге болады. 3-күні - таңғы ас ішіп, тур басталған жерге оралу (Кетмен ауылы). Алматы қаласына шығу

№ 2 атпен серуендеу турының бағдарламасы

Бірінші күн
  • Кетмен ауылынан атпен шығу Қонақ үйге орналасып, түскі ас ішу.
  • Айналаны шолып серуендеу үшін атпен шығу.
  • Кешкі ас ішу. Кешке қалаған адамдар орыс монша саунасына бара алады.
Екінші күн
  • Таңертең жануарлар сергек кезде оларды дүрбімен қарап бақылау, фотосафари жасау. Күндіз олар ыстықтан және жыртқыш аңдардан тығылады. Мұнда марал, Сібір елігі, Сібір тауешкісі, қабан, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан: ұлар, құр, кекілік түрлері жиі кездеседі.
  • Таңғы ас ішу. Заттар мен жабдықтарды жинау.
  • Айналаны серуендеуге бос уақыт.
  • Тур басталған жерге оралу (Кетмен ауылы). Алматы қаласына шығу
СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
+ Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы