BAIGROUPKZ СІЗДІ КЕМЕКАЛҒАНДЫ АРАЛАУҒА ШАҚЫРАДЫ

"Кемеқалған - Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулие" туры

3000 KZT / 1 күн
"Ғайып болған қырық киелі жер" - "Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулие". Оның дәл ортасында - үлкен, екіге бөлінген жартас, Адам мен Хауа бар. Еркек пен әйелдің, әке мен ананың символы. Адам мен Хауа таулары арасындағы тар жерден өткен адам күнәдан тазарған болып саналады.

Тар, ұзындығы шамамен 15 метр саңылаулардан кейде толық адамдар оңай өтіп, жіңішке адамдар тұрып қалып, қайта қайтып жатады, - дейді Ерлан. - Оларды қандай тылсым күш өткізбейтіні беймәлім. Мүмкін қорқыныш немесе Ғаламға сенімсіздік шығар? Ал кейбіреулер басқа кедергілерге тап болып жатады. Мәселен, кенеттен пайда болған ақ немесе қара жылан түріндегі кедергілер. Бұл адамның мұндай сынаққа әлі дайын еместігін білдіреді. Ғажап емес пе!

Сол жерге жақын тағы бір сиқырлы жартас, ана құрсағының символы бар. Дұға етіп, ата-аналар ол жерге 13 жасқа толмаған балаларын апарады. Тастағы тар жолдан өз бетінше өткен және мұндай сынақтан қорықпаған бала дені сау әрі бақытты болып өседі дейді. "Ғайып болған қырық киелі жерде" барша адам Құдайдан бақытты өмір, бала, отбасыларына береке, дендеріне саулық сұрайды.

Бір қызығы, Адам мен Хауа тауларының айналасында желден ойылған жартастарда жануарларға ұқсайтын мүсіндер бар. Иә, сол Нұх пайғамбар кемесіндегі жануарлар мүсіні. Мұнда піл, түйе, аю, жылқы бар... Ал Нұх кемесінің өзі аңыз бойынша сол заманда жақын жердегі үлкен Қазығұрт тауына шығып, тоқтаған. Сондықтан оның атауы: "қазық ұрт" - қазақ тілінен аударғанда - "қазық қақты". Басқаша айтқанда, "зәкірін тастаған кеме". Ежелгі уақытта мұнда айнала түгел теңіз болған.

Нұх кемесінің қай жерге тоқтағаны туралы түрлі аңыздар бар, - дейді өлкетанушы Ерлан Сыздық. -Біреулер Армениядағы Арарат тауы десе, кейбіреулер Араб түбегіндегі Джуди тауы деп санайды. Ал біз үшін ол Қазығұрт тауы. Оның шыңында үлкен кеменің ізі сияқты алаңқай үлкен ойық бар. Аңыз бойынша күрделі, жартасты шөгінділер жолынан өткен адамда бақыт пен сәттілік күтеді деп саналады. Оңтүстік Қазақстан ғажайыптарының арасында кен өндірілген жерде пайда болған киелі орын бар. Ол Көз ата бұлағы. Бұл жерде зағип адамдардың ғажайып түрде жанары ашылады. Ақбастау ауылының жанындағы шахталар мен карьерлер арасындағы бұл жер өте таза және жайлы. Бір кездері бұл жерде Көз ата тұрған. Ол емші, қасиетті адам болған. Көз ата 104 жыл өмір сүрген. Ол қайтыс болып, адамдар оны жерлеуге бара жатқанда, қатты найзағай ойнап, жер дірілдеген екен. Кенеттен сол жерден бұлақ атқылап, адамдар оның суы жерді алып кетені деп қорыққан. Бірақ бұлақ суы жайлап бәсеңдеп, сабасына түскен. Ал, жаңа шахталар қазыла бастаған кезде бұлақ толығымен тартылып кеткен. Орнында қазір адамдар көздерін емдейтін шипалы суы бар құдық қалды.
Уақыт ................. Орын
9:00 _________ Шымкенттен Кемеқалғанға шығу
10:00 _________ Кемеқалғанға келу
12:30 _________ Көз ата бұлағына бару
13:30 _________ Сайрам қаласына түскі асқа келу
15:00 _________ Шымкентке оралу
СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
+ Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы