BaiGroupKZ Сіздерді Ақ мешіт үңгіріне және Домалақ Ана кесенесіне баруға шақырады

"Ақ мешіт үңгіріне және Домалақ Ана кесенесіне саяхат"

3500 KZT / 1 күн
Бағыт: Шымкент - Домалақ-Ана - Ақ-Мешіт - Шымкент

Домалақ Ана кесенесі Оңтүстік Қазақстанның бірегей сәулет ескерткіші болып табылады. Ескерткіш Оңтүстік Қазақстан облысында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Кесене халық арасында Домалақ Ана ретінде танымал Нұрила Әли Сыланқызының қабірінің үстіне тұрғызылған.

Домалақ Ана - қазақ халқының аты аңызға айналған аналарының бірі. Домалақ ана - Жетісуды мекендеген тайпаларды билеген Бәйдібек Қарашаұлы батырдың үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Барлық балаға бірдей махаббатын төккен, кішіпейіл, мейірімді ана болашақты болжай алған. Халықта оны "Домалақ ана", "Домалақ ене" деп атаған. Басқа нұсқасы бойынша Домалақ Ана парсы тілінде "Дихнат мама" қасиетті ана дегенді білдіреді. Кейіннен Дихнат сөзі домалақ болып өзгереді.

"Ақ мешіт" Бәйдібек үңгірі Оңтүстік Қазақстанның ең жұмбақ және тылсым орындарының бірі болып табылады. Осы орынмен байланысты көптеген аңыздар бар. Солардың бірінде жоңғар шапқыншылығы кезінде әйелдер мен балалардың осы үңгірге тығылғаны айтылады. Тағы біреуінде бұл үңгірде ежелгі уақытта адамдар мен малдарға шабуыл жасаған айдаһар мекендеген дейді. Айдаһар қанаттарын жайған сайын үңгір жиектері омырылып, көлемі ұлғая түскен деседі. Кейін бұл жерге Сүлеймен пайғамбар келіп, құбыжықты шынжырлаған дейді. Бұдан кейін айдаһардың қанша жыл өмір сүргені туралы аңызда айтылмаған, бірақ ол ұйықтаған жер туралы былай делінген. Үңгірдің дәл ортасындағы күн сәулесі түсетін төбе оның ұйықтатын орны болған. Үңгір шын мәнінде өте үлкен, ешқандай фотосурет оның бүкіл көлемін көрсете алмайды. Сондай-ақ, үңгірдің ерекшелігі оның үстінде бірнеше шақырым радиуста бірде-бір ағаштың өспегенінде. Үңгірдің іші нағыз оазис.
    СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
    Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
    + Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
    Мекенжайымыз

    +77273101438
    info@baigroupkz.com
    Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы