BAIGROUPKZ-ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫ ТУРОПЕРАТОР

Іле өзеніндегі Көшпенділер қаласы

  • »
Көшпенділер қаласы Іле өзенінің сол жағалауында, Алматыдан 90 шақырым жерде орналасқан. Ол 2004 жылы "Көшпенділер" фильмін түсіру үшін салынған. 18 ғасырдағыдай салынған бұл декорациялық қалада бекініс қабырғалары мен мұнаралар, тұрғын үйлер, мұнаралары бар мешіттер бар. Бұл қала кинематография ескерткіші. Мұндағы декорациялар содан кейін тағы бірнеше фильм түсіруге пайдаланылып, қаланы бұзбай қалдыру туралы шешім қабылданды. Сізде орта ғасырдың атмосферасын сезініп, ежелгі қаланың көшелерімен жүруге ерекше мүмкіндік бар. Серуен мен фотосессиядан кейін Іле өзенінің жағасында пикник жасап, таза ауа жұтып, қазақ даласының керемет көріністерін тамашалаңыз. Бұл саяхаттан кейін ұмытылмас ерекше сезімдер мен естелікке керемет фотолар қалатыны сөзсіз.

Тур туралы толығырақ:

Автокөлікпен ұзақтығы: асфальтпен 120 км (бір жаққа шамамен 3 сағат)
Жаяу жүру бөлігі: 3 км.
Турдың ұзақтығы: 8-9 сағат.
Көлік: 50 орындық, туристік класты жайлы автобус
Қосымша шарт: автобуста жеке орын бермей 5 жасқа дейінгі балаларға тегін
1 күн
ТУРДЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ
5 000 теңге
ТУРДЫҢ ҚҰНЫ

Турдың кестесі

8:00
8:00
Экскурсанттарды қарсы алу және жинау Экскурсия жетекшісімен таныстыру
08:30
08:30
Жолға шығу. Жолда саяхат туралы ақпарат беру.
12:00
12:00
"Көшпенділер қаласына" келу, жаяу экскурсия, бос уақыт.
16:30
16:30
Автобус қасына жиналу. Жолға шығу.
16:00
16:00
Алматыға оралу.

Жолға не алу қажет?

Өзіңізбен міндетті түрде: камера, жеңіл тағамдар, сусындар (1 адамға кемінде 2 литр сұйықтық), күн сәулесінен қорғайтын крем мен көзілдірік, жаңбыр мен желден қорғайтын жеңіл киім
Назар аударыңыз!
қала жанғыш материалдардан салынған, сондықтан оның аумағында темекі шегуге және от жағуға қатаң тыйым салынады.
Киім: бас киім, жеңіл киім, ыңғайлы аяқ киім (резеңке шәркей немесе салпылдақ киюге болмайды), спорттық жабық шалбар.
Турдың құнына:
* көлік
* гид қызметтері
* мұражайға кіру ақысы кіреді
СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
+ Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы