СЕНІМДІ ТУРОПЕРАТОРЫҢЫЗ -BAI GROUP KZ

Мекемелік сапарлар бойынша корпоративтік қызмет көрсету

  • »

Корпоративтік клиенттерге арналған Bai Group KZ ұсынысы

Іс-сапар ұйымдастыру дегеніміз-біршама уақыт пен еңбектің зор ресурсын талап етуші едәуір күрделі процесс. Bai Group KZ туроператорлық компаниясы өзінің корпоративтік клиенттеріне жұмыс бабымен болатын сапарлар мен кездесулерін ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ іс-сапар шығындарын оңтайландыру жағынан кәсіби деңгейде көмек көрсетеді. Корпоративтік қызмет көрсету аясында клиенттерімізге мына қызмет түрлерін ұсынамыз:

Әуе билеттерін брондау

Әуе рейстерінің кестелері мен билет құнына қатысты кез келген ақпаратты жедел ақпарат беріп отырамыз. Авиаагенттеріміздің Амадеус (Amadeus), Галилео (Galileo), Габриель (Gabriel), Сейбр (Sabre) сынды Ғаламдық Дистрибутивтік Жүйелерге (GDS) тікелей қолжетімді болғандығынан және корпоративтік клиенттермен жұмыс жасаудағы мол тәжірибеміздің арқасында сіздің мекемеге сапалы және жылдам қызмет көрсетуге кепілдік береміз. Отандық және шетел әуе компанияларымен үздіксіз қоянқолдық байланыстамыз жәнеде жауапкершілігіміз бен билет жазу көлемінің ауқымына қарай әуе компанияларының тарапынан билет құны бойынша арнайы ұсыныстар алып отырамыз.

Темір жол билеттері

Темір жол билеттерін Қазақстан, Ресей, ТМД елдері мен Еуропа бойынша рәсімдеумен айналысамыз. Билеттерді брондап қана қоймай, Bai Group KZ өзінің корпоративтік клиентпен бекітілген саяхаттау саясатының тасымалдаушы көрсететін қызмет көрсету сапасы мен бағасы арасындағы сәйкестігін бақылап отырады.

Виза және визалық қолдау

Корпоративтік қызмет көрсету аясында Bai Group KZ компаниясының виза бөлімі Қытайға, АҚШ пен Шенген келісіміндегі елдерге, Индия мен Жапонияға виза ашу бойынша көмек көрсетеді. Қазақстанға сапар шеккісі келетін Шетел азаматтарына визалық қолдау қызметін көрсетеді. Bai Group KZ көші-қон полициясында аккредитацияланған және Қазақстан мен Кытай арасындағы АДС (ADS agreement) келісім құрамына енгізілген. Бұл Қытайдан келетін топтық туристтерді жылдам және сапалы түрде визалық қолдау көрсетуге зор мүмкіндік беретін келісім.

Виза рәсімдеу кезінде виза мәселелері бойынша байыпты кеңес беріледі және жиналған құжаттардың дұрыстығына кепілдік бар.


Қонақ үй брондау

Қазақстанның, Рессей мен Түркия секілді бірқатар қонақ үйлерімен тікелей келісім-шарттарға иеміз. Сондай-ақ, ғаламдық деңгейдеғы қонақ үй иелерімен етене жұмыс жасау клиенттеріміздің көңілінен шығатын бөлмелерге тапсырыс беруге мүмкіндік береді.

Трансфер және көлік жалдау қызметі

Қазақстан аумағындағы көлік бойынша қызмет көрсету жұмысы «9 Регион» және «Фидем Транс» секілді жауапкершілігі жоғары компаниялардың арқасында біз де, біздің корпоративтік клиенттеріміз де дән риза. Келісім-шарт негізінде мұндай қызмет түрлетін Ресей мен Түркия сынды елдерде де көрсете аламыз.

Корпоративтік іс-шаралар (MICE)

Іскерлік кездесулер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырамыз. Incentives -яғни, мекеме қызметкерлеріңізді және клиенттеріңізді ынталандыру мақсатында жасалатын сапар машақатын көтеретін боламыз.

Клиенттерге үздіксіз қызмет көрсету

Bai Group KZ ұжымы өз клиенттеріне тәуліктің кез келген уақытында қол ұшын беруге әзір.

Біз туралы бірер сөз

Байдешова Меруерт Абдрахим қызы, директор BAI GROUP KZ
2016 жылы Bai Group KZ компаниясы туроператор атанды, сол сәттен бастап клиенттерінің ризалығы үшін қызмет көрсету аясын кеңейте отырып, ерен еңбек етіп келеді. Біз «Қазақстан Туризм Қауымдастығының» мүшесіміз, оған қоса «Кемпинг туризмі және Караванинг Қауымдасығына» да мүшелік етеміз.
Біздің сенімді серіктестеріміз- біздің іргетасымыздың негізін қалаушы турагенттіктер мен аймақтық туроператорлар, көлік және қонақ үй секілді қызмет көрсету орындарының арқасында клиенттерімізге көрсетілетін қызмет түрлерінің толық тізімін қалыптастыра білдік.Біз - корпоративтік сегментте қызмет көрсету саласында мамандандырылған іскерлік сапарларды ұйымдастырушы туроператормыз. Корпоративтік клиенттермен жылдар бойы жұмыс жасау барысында клиенттеріміздің қойылған талаптарын шешуге бағытталған бірегей әдістемелерді жасақтап шығардық.

НЕЛІКТЕН БІЗДІ ТАҢДАЙДЫ?

  • Лицензиялы Туроператор
    Авторлық турлар құрастырамыз. Сондықтан, сіздер үшін сапасы тамаша қызмет пен төмен бағалар қолжетімді
  • 24/7 бойы қолдау көрсету
    Біз әрқашан байланыстамыз және 24/7 бойы қол ұшын беруге әзірміз.


  • Тегін сақтандыру
    Шетелге шығуды жоспарлаған әрбір туристке ұсынар тегін туристік сақтандыруымыз бар.

    Тартымды ұсыныс, солай емес пе?
  • Қытайдағы өкілдеріміз
    Қытай нарығы бойынша толығымен бірге алып жүру, жетелеу қызметі клиенттеріміздің алға қойған мақсаттарын жылдам және қаржылай тиімді шешім табуға мүмкіндік береді.
  • Сенімді серіктес
    Біз туризм нарығының негізгі ойыншыларымен жұмыс жасаймыз, бұл біздің қаншалықты құзіретті де, сенімді компания екеніміздің көрсеткіші.
  • Жоғары деңгейдегі құзіреттілік
    Компания қызметкерлері үздіксіз даму үстінде және үнемі жаңа дүниелерді тануға ұмтылатын шебер мамандар. Сондықтан, ұжымымыздың құзіреттілігі де геометриялық прогрессиямен өсіп келеді.

Клиентіміз болуды қалайсыз ба?

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Сізбен міндетті түрде хабарласамыз және ең тиімді ұсынысымызды жасаймыз
Батырманы баса отырып, жеке мәліметіңізді өңдеуге келісім беретініңізді және құпиялылық саясатымен келісетініңізді растайсыз.

Сондай-ақ, сізге қызықты болуы мүмкін қызметтер

Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы