BAIGROUPKZ ИСПАНИЯДА БІЛІМ АЛУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰСЫНАДЫ

Испанияда білім алу

Шетелде білім алу

Астанасы: Мадрид
Валютасы: еуро (EUR)
Ең үлкен қаласы: Мадрид, Барселона
Халқы: 46,7 млн адам
Испания - бұл қанды қыздырар алабұртқан би, ыстық күн мен толқыған теңіз ғана емес. Испания еуропалық студент үшін ғана емес, қазақстандық студент үшін де қолайлы білім беру жүйесі бар ел. Испан университеттері сапалы бағдарламаларымен ғана емес, тартымды бағаларымен де танымал.

НЕЛІКТЕН ИСПАНИЯНЫ ТАҢДАЙДЫ?

  • 1
    Испан тілі әлемдегі ең танымал тілдердің бірі.
  • 2
    Мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу құны жылына 1 000 еуродан басталады.
  • 3
    Оқыту сапасы жоғары
  • 4
    Еуропада жұмысқа орналасу мүмкіндіктері

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Испанияның білім беру жүйесі жалпы еуропалық стандарттарға негізделген және жергілікті студенттерге де, шетелдік студенттерге де бағытталған жаңа бағдарламаларды біріктіреді. Көптеген мемлекеттік университеттер бакалавриат және магистратура бағдарламаларына түсуге дайындық бағдарламаларын ұсынады, бұл халықаралық студенттердің қалаған білім дәрежесін алу жолын айтарлықтай жеңілдетеді. Мемлекеттік университеттер испан тілінде, жеке университеттер испан және ағылшын тілдерінде оқытатындығын атап өткен жөн.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

  • ОРТА БІЛІМ
    Испания мектептерінде оқушылар 12 жыл оқиды. 9-сыныптан кейін қорытынды емтиханға белсенді дайындық басталады - SELECTIVIDAD. Емтихан міндетті пәндерден тұрады: испан тілі, Испания тарихы, ағылшын тілі; және таңдау пәндері - екіден төртке дейін болуы мүмкін, белгілі бір мамандыққа түсу кезінде университеттің қабылдау комиссиясына ұнайтын пәнді таңдаған дұрыс.

    Шетелдік студенттердің осы емтиханды тапсыру кезінде артықшылықтары бар, өйткені біздің аттестаттағы бағалар да қосымша балл алып келеді. Шетелдік студенттер Selictividad-қа жылдық дайындықтан өтеді, оған 4-5 ай испан тілін үйрену және емтихан тапсыруға тікелей дайындық кіреді, содан кейін университеттерге өтініш береді.
  • ЖОҒАРЫ БІЛІМ
    Испаниядағы жоғары білім үш кезеңге бөлінеді:
    • Бакалавриат - Grado (4 жыл)
    • Магистратура - Máster (2 жыл)
    • Докторантура - Doctorado (3 жыл)
    Испанияда оқу жергілікті тұрғындар үшін де, шетелдіктер үшін де ақылы. Құны өте қолайлы деп санауға болады, жылына 1000 EUR (тек оқу үшін) аралығында.
ОҚУ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ОҚУҒА ТҮСУ
Таңдалған оқу орнының түріне байланысты (мемлекеттік немесе жеке) құжаттар пакетін жинау қажет болады. Әр университет талабы әртүрлі, сондықтан құжаттар пакетін дұрыс жинау үшін бізге хабарласыңыз.
ҚҰЖАТТАР:
  • Студенттің паспорты
  • Бағалары қоса берілген аттестат
  • Тіл деңгейін растау
  • Уәждемелік хат (ЖОО талаптарына сәйкес)
  • Талап ету бойынша қосымша құжаттар
ШЫҒЫНДАР:
  • Оқу құны: жылына 1000 EUR-дан 20 000 EUR-ға дейін
  • Оқу материалдары: жылына 100 EUR бастап
  • Тұрғынжай: пәтерден бөлмені жалға алу жылына 5000 EUR / жатақхана бөлмесі жылына 4000 EUR
  • Тамақтану: жылына 3000 EUR бастап
  • Медициналық сақтандыру: жылына шамамен 500 EUR
  • Қалта шығындары: жылына 2 000 EUR бастап
СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін Сізге қоңырау шаламыз
+ Ең жақсы ұсыныстары бар Telegram арнасына қосамыз
Мекенжайымыз

+77273101438
info@baigroupkz.com
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Байзақов көшесі 125/185, Әйтеке би көш. қиылысы